Қоғам

Алматыда ер адам бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған

12:24, 24 ақпан 2026 31

Алматы облысының тұрғыны бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған.
Ол әлеуметтік желілерде бүйрегін сатамын деп хабарландыру жариялаған.
 
Күдікті ақшаның бір бөлігін алу үстінде Көкшетау қаласында ұсталды.
 
Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері ақша, ұялы телефон, сондай-ақ медициналық анықтамалар мен талдаулар нәтижелерін тәркіледі.
 
Тексеру барысында ер адамның мұндай хабарландыруларды бұған дейін де жариялағаны анықталды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.
 
Құқық қорғау органдары Қазақстанда адам ағзасын сатып алу мен сатуға заңмен қатаң тыйым салынғанын ескертеді.
 
Мұндай әрекет үшін сатушы да, делдал да, сатып алушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз