Алматы қаласының Бостандық ауданында сайлау күні егде жастағы, денсаулығына байланысты учаскеге өз бетінше келе алмайтын тұрғындар үшін үйде дауыс беру ұйымдастырылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сайлау комиссиясының мүшелері тұрғындардың өтініші негізінде олардың үйлеріне арнайы барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сай өткізді.

Осылайша, аға буын өкілдері де ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық борыштарын орындап, маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысты.
