Алматыда 13 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Белгілі болғандай, қылмыскер жәбірленушінің әкесінің танысы болған. Оқиға болған күні қыздың әкесі мен оның досы бірге ішімдік ішкен. Үйдегі жағдайдан кеткісі келген жасөспірім басқа пәтерге бармақ болған. Сол кезде 42 жастағы ер адам оны шығарып саламын деп бірге еріп шыққан.
Алайда пәтерге кірген соң күдікті қызға шабуыл жасап, оны зорлаған. Адвокаттың айтуынша, ер адам өзінің ВИЧ жұқтырғанын біле тұра қылмысқа барған.
Адвокаттың айтуынша, бастапқыда жәбірленушінің әкесі бұл жағдайды жасырып, танысының жазасын жеңілдетуге тырысқан. Алайда заңгерлердің араласуынан кейін іс қайта қаралып, сот күдіктіге ең ауыр жаза берілді.