Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 08:19-де жер сілкінісін тіркеді.
Эпицентрі – Алматы облысындағы Кеген ауданы Қарқара ауылынан 10 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде.
Жер сілкінісінің дүмпуі сезілмеген және қауіп төндірмейді.