«Қазгидромет» РМК сәуір айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Синпотиктердің мәліметінше, кезеңнің басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады. Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклон шығысқа қарай жылжыған сайын, солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Жел күшейеді, күндіз солтүстік-батыста бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасы: