$ 444.4
€ 488.97
₽ 5.39

АҚШ-та сенсация жасаған Софья Самоделкина үздік бестікке енді

Редактор
17.11.2026, 11:22
ҰОК
ҰОК
Екі бағдарламаның нәтижесінде Софья Самоделкина 198,59 ұпай жинады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-та өткен Skate America Гран-при кезеңінде үздік бес спортшының қатарына енді. Ол қысқа бағдарламадан кейінгі 11-орыннан бірден алты сатыға көтерілді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

13–15 қараша аралығында АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен халықаралық жарыста Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан бақ сынады. Қысқа бағдарламада қазақстандық спортшы 61,03 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтаған еді. Алайда еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 137,56 ұпай иеленді. Бұл көрсеткіш оған еркін бағдарлама қорытындысында төртінші орын алуға мүмкіндік берді.

Екі бағдарламаның нәтижесінде Софья Самоделкина 198,59 ұпай жинап, жалпы есепте бесінші орынға көтерілді. Жарыстың жеңімпазы 236,81 ұпай жинаған жапониялық Ами Накаи атанды. Екінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Александра Игнатова (213,90 ұпай), ал үшінші орынды жапониялық Рино Мацуике (211,63 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, Софья Самоделкина бұған дейін Канадада өткен Гран-при кезеңінде де бесінші орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау