$ 470.46
 543.1
 5.86

Ақмола облысында бөгет бұзылды

Редактор
06.04.2026, 09:00
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Жол жамылғысы бүлінбеген.

Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы "Шөптікөл" бөгеті бұзылды, деп хабарлады bairaqmedia.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.

"Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы саны шамамен 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, су "Астана – Қорғалжын" республикалық жолының 75-шақырымында құбыр арқылы өтіп жатыр. Жол жамылғысы бүлінбеген.