Шоу-бизнес әлемі

«Аяныштысыңдар»: Қабатовтың екінші әйелі адвокат жалдап, өзін сынағандарды жауапқа тартып жатыр

10:24, 14 қаңтар 2026 168

Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманның мүддесін қорғау бойынша сот ісі жалғасуда, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Адвокат әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, интернетте тараған жалған ақпарат пен ар-намысқа нұқсан келтіретін мәліметтерге қатысты шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Қазіргі таңда үш іс оң шешіммен аяқталған: тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, моральдық зиян үшін өтемақы өндірілген. Тағы бес іс сотта қаралуда.

Адвокат атап өткендей, анонимді немесе жалған аккаунттардан шыққан мәліметтердің авторы сот арқылы анықталуы мүмкін. Пікір білдіру еркіндігі ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлауға жол бермейді.

Жалған ақпаратқа куә болған азаматтардан құқықтық бағалау үшін дәлелдерді жолдауды сұрайды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз