$ 450.91
 522.69
 5.33

«Ағзам үйренген»: Азамат Сатыбалды 10 жылдан астам уақыттан бергі әдетін айтты

Редактор
14.09.2026, 12:34
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Азамат Сатыбалды көпшілікке ескерту жасады

Белгілі актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулыққа қатысты тәжірибелерді зерттемей қайталамауға шақырып, оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Өнер иесі өзінің 10 жылдан астам уақыт бойы жылына екі рет ашығу тәжірибесін қолданып жүргенін айтты. Алайда ол өзінің тәжірибесін өзгелерге бірден қайталауға кеңес бермейтінін жеткізді.

«Не істесеңіздер де, зерттеп, біліп алып жасаңыздар. Бұл ойыншық емес. Мысалы, менің ағзам осыған үйренген. Мен 10 жылдан асты, жылына екі рет ашығып жүргеніме. Сондықтан абайлау керек. Денсаулықпен ойнауға болмайды», – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Актер жазбасының соңында көпшілікке сақ болуды ескертіп, «Алла жар болсын» деп тілегін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау