Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болат ісі бойынша сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет кассациялық сотқа жүгініп, өздерін ақтауды сұраған.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Мейрман Шекеевтің айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет үкіммен келіспей, кассациялық шағым түсірген. Екеуі де ақтауды сұрап отыр.
Істі қарау бүгін, 7 сәуірге белгіленген.