Түркияда 5,8 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан 1 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, жерасты дүмпуі Мугла қаласының Мармарис ауданынан 10,43 шақырым қашықтықта жергілікті уақыт бойынша 02:17-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 67,91 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ақпаратқа сәйкес, жер асты дүмпулері Түркияның 5 қаласында сезілген. Апат салдарынан 1 адам қайтыс болып, 69 адам жарақат алған.