Аймақ

Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

10:07, 10 маусым 2025 105

Абай облысында 42 мың гектар пайдаланылмаған жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Тексеру барысында бірқатар жерпайдаланушылардың заң талаптарын бұза отырып, 104 жер учаскесін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбағаны анықталды.

Прокуратураның шаралары нәтижесінде жалпы ауданы 42 мың гектар және кадастрлық құны 516 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, – делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес, жергілікті атқарушы орган бұл жерлерді адал және тиімді пайдаланатын субъектілерге беру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз