Қазіргі кезде шетелде тұратын әйел отыз жыл бұрын ер адамдардың топ болып өзін зорлағаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Оның сөзіне қарағанда, сол кезде 17-18 жаста болған, Батыс Қазақстан облысындағы түкпірдегі бір ауылда тұрған, шамамен төрт ер адам зорлаған.
Ер адамдар менің төрт ағамның жан-жаққа кеткенін пайдаланды. Біреуі оқуға, біреуі әскерге кеткен еді. Мен кішкентай ауылда анаммен тұрдым, әкем қайтыс болған. Олар мені қараусыз қалған үйге апарып, кезекпен зорлады, ұрып-соқты, қылғындырды. Мен оларды отырғызамын деп сес көрсеткенімде, зорлаушылардың бірі Жайық өзеніне сүйреп апарып, батырып жіберемін деп қорқытты. Мен сөзімді тағы қайталадым. Олар мені одан сайын ұрып, өзен жағасында қалдырып кетті. Таңға жақын әлсіз, киімсіз күйімде ояндым, — дейді әйел.
Кейін кішкентай ұлымен елден кеткен, жасы елуге жақындаған ол Вьетнамда тұрады.
Қазір менде бәрі жақсы секілді. Өмір сүріп, еңбек етіп жатырмын, ұлым беделді университетте оқиды. Оны өзім үшін тудым. Бірақ мен сол қайғылы жағдайды ұмытқан жоқпын. Психологтар көмектесе алмады, жеке өмірімді құра алмадым, өйткені содан кейін еркектерді жек көремін, — деп қосты әйел.
Ол енді Оралға келіп, аяғына дейін барып, өзін зорлағандарды жауапқа тартуға бекінгенін жеткізді.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағанындай, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық дәйектер сотқа дейінгі тергеу арасында зерттелетін болады. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан.