$ 478.77
 548.62
 5.87

«15 жыл емделіп, сот кейін бастала ма?»: Нұрайдың ағасы жанайқайын айтты

Редактор
01.04.2026, 14:30
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ведомство өкілдері тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша жаңа дерек шықты – күдікті мәжбүрлі емдеуге жіберілген, деп хабарлайды bairaqmedia.kz қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіге қатысты тергеу адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг фактілері бойынша жалғасып жатыр. Тергеу барысы бақылауда.

"Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Емдеу аяқталғаннан кейін күдікті тергеу әрекеттерін жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына қамалады", - делінген Шымкент ПД ұсынған ақпаратта.

Ведомство өкілдері тергеушілер жәбірленуші тараппен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

"Үздіксіз байланыс қамтамасыз етіліп, қабылданған процессуалдық шешімдер бойынша түсіндірмелер беріліп, заңда белгіленген тәртіппен тергеу барысы туралы ақпарат ұсынылып, сараптама қорытындылары мен іс материалдары түсіндіріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған қатысты марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы пікір білдірды.

Естігенім бойынша кей тәжірибеде қылмыскерлер психиатриялық емдеуге 15 жылға дейін жатқызылған жағдайлар болған. Сол кезде сот процесі бірнеше жылдан кейін ғана басталады екен. Осыдан туындайтын сұрақ: Сау адамда қалай кенеттен психикалық ауытқу байқалып отыр? Біз тек әділдікті талап етеміз!, - дейді ағасы.