$ 444.3
€ 490.91
₽ 5.41

15 қараша – Ұлттық валюта күні

Редактор
15.11.2026, 10:09
ЖИ
ЖИ
15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні

1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленген, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, Қазақстанның белгілі ғалымы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді.

Төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуінің тарихы:

• 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды.

• 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді.

• Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.

• 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

• 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.

• Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.

• Ұлттық банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп, 1 теңге 500 сомға бекітілді.

• Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

• 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 теңге номиналды монеталар шықты.

• Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Қазір банкнот - Ұлттық банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

• Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

• 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау