Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі іс тек бір реттік шара емес. Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі қолбасшысын ұлықтау жалғаса бермек.
Көп ұлтты Қазақстанда моңғол ұлтының өкілін кездестіру қиын, тіпті мүмкін емес те шығар. Ал Жамбыл облысының тумасы Салтанат Онкақызы Жаба әкеден алған өнегесінің шырағын үрлеп, өшірмей отырған екі жанның бірі. Ал екіншісі – сіңлісі. Біздің тілшіміз алғашқысымен аз-кем тілдесіп көрді.