Мемлекеттік тіл жанашыры, «Шапағат», «Мейірім» медальдарының және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық төсбелгілерінің иегері Алла Платонова бір жылдан бері «Qazaq Talk» авторлық жобасын жүргізіп келеді. Әрі әрбір шәкіртінің тілді үйренуден бөлек, еркін сөйлеп, қазақы ортада өзін еркін ұстай алатындай деңгейге жетуіне дейін көңіл бөлуімен ерекшеленеді. Біздің тілшіміз Алламен аз-кем сұхбат құрды.