$ 464.71
 531.26
 6.05

«Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасататынын айтты

Редактор
13.07.2026, 16:26
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Өнер иесінің сөзінше, бүгін отаға жатуы тиіс болған.

Қазақстандық әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде денсаулығына қатысты жаңалықпен бөлісіп, жоспарланған операциясының кейінге шегерілгенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бүгін отаға жатуы тиіс болған. Алайда кейбір медициналық талдау нәтижелері талапқа сай болмағандықтан, дәрігерлер операцияны уақытша кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған.

"Мен бүгін операцияға жатуым керек еді. Жата алмай қалдым. Себебі кейбір анализдерім дұрыс болмай қалды. Маған ол кісілердің жұмысы ұнады, себебі жауапкершілікпен қарап жатыр. Өзім де, олар да сенімді болуы үшін бүгін қайта тапсырдым. Жүрегім тарсылдап тұр. Бәрі жақсы болса, ота жасайды", – деді әнші.

Айгүл Иманбаева дәрігерлердің шешіміне түсіністікпен қарайтынын айтып, талдау нәтижелері жақсы шықса, алдағы уақытта жоспарланған ота жасалатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау