$ 458.48
 534.68
 5.43

ЖСДП Құрылтайға баратын депутаттарының тізімін жариялады

Редактор
26.08.2026, 18:44
ЖДСП
ЖДСП
Партия Құрылтайдағы депутаттық мандаттарға ие болатын өкілдерін анықтады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Қазақстан Республикасы Құрылтайының құрамына кіретін депутаттарының тізімін жариялады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Партия Құрылтайдағы депутаттық мандаттарға ие болатын өкілдерін анықтап, олардың тізімін көпшілік назарына ұсынды.


1️⃣. Асхат Рахымжанов – ЖСДП төрағасы, VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты, Социалистік интернационалдың вице-президенті;

2️⃣. Мақсұт Насибулов – ЖСДП орталық аппаратының басшысы;

3️⃣. Нұрайнаш Камалова – ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы;

4️⃣. Лариса Ли – PANA жобасының басшысы;

5️⃣. Аслан Күлмағамбетов – ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы;

6️⃣. Арман Ақылбай – Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры;

7️⃣. Наурыз Сайлаубай – ЖСДП жастар қанатының басшысы, VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты;

8️⃣. Ажар Сағандықова – VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты, ЖСДП әйелдер қанатының басшысы