$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Жапониядағы финал: Елдос Сметов алтын үшін белдесуде жеңілді

Редактор
30.09.2026, 14:26
ҰОК
ҰОК
Жапониялық спортшы бұл белдесуде жеңіске жетті

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында сынға түсті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы ҰОК жазды. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жапониялық Хаято Кондомен күресті.

Жапониялық спортшы бұл белдесуде жеңіске жетті. Ал Елдос Сметов Азиаданы күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұл оның Азия ойындарындағы екінші медалі. Қазақстандық дзюдошы бұған дейін Инчхон-2014 ойындарында алтын алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау