Қыркүйек айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 4,6%-ға нығайып, бір АҚШ доллары 440,49 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады.
Бір айда Қазақстан қор биржасындағы валюталық сауданың жалпы көлемі 10,4 млрд долларды құрады. Орташа күндік сауда көлемі 415 млн доллардан 474 млн долларға дейін өскен.
Қыркүйекте Ұлттық қордан 200 млн доллар сатылды. Бұл жалпы сауда көлемінің 1,9%-ын құрады. Ал Ұлттық банк валюта нарығына интервенция жүргізбегенін мәлімдеді.
Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы активтеріндегі валюталық үлесті сақтау мақсатында Ұлттық банк 986 млн долларға шетел валютасын сатып алған.
Ұлттық банктің болжамынша, алдағы уақытта теңге бағамына нарық қатысушыларының күтулері, салық төлемдері, әлемдік нарықтағы жағдай және геосаяси ахуал ықпал етеді.