$ 440.86
€ 500.77
₽ 5.27

Ернат Солтиев пен Дастан Мұхамедрахымов ByDala Travel туристік компаниясын таныстырды

Редактор
01.10.2026, 15:08
дереккөз
дереккөз
2025 жылы туризмнің Қазақстан экономикасындағы үлесі 3,2% болған

Қазақстандағы ірі кіру туризм дамытып келе жатқан компания KITE Travel-дің негізін қалаушы Ернат Бақытжанұлы Солтиев пен еліміздің үздік тревел-блогері Бай Дастан ортақ жобасын таныстырды. ByDala Travel компаниясының таныстырылымы 27 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күніне орай өтті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Жаңа компания Ернат Бақытжанұлы басқаратын KITE Travel-дің туризмдегі он жылға жуық тәжірибесін Дастанның маркетингтегі қуатты әлеуетімен ұштастырады. Бұл серіктестік Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін кеңінен танытып, саяхатшыларды тартуға және отандық туризмнің дамуына жаңа серпін беруге бағытталған.

ByDala Travel қызметінде саяхатшылардың сұранысына сай сапар ұйымдастыруға, жоғары деңгейдегі сервиске және еліміздің табиғи әрі мәдени байлығын танытуға басымдық берілмек.

Еске сала кетейік, Almaty Tourism Bureau жариялаған мәлімет бойынша, 2025 жылы туризмнің Қазақстан экономикасындағы үлесі 3,2% болған. Ернат Бақытжанұлының пікірінше, еліміздің әлеуеті туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 10%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпкер осы межеге жетуге өз жобалары арқылы үлес қосуды мақсат ететінін атап өтті.

Жобаның ашылуына қазақтың тұсаукесер дәстүрі арқау болды. Бұл — ортақ іске ақ жол тілеп, үлкен мақсатқа бірге қадам басудың нышаны.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау