Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылды. Сәби Гвардейск гарнизоны аумағынан анықталған. Ақпаратты полиция растады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары сәбидің қоқыс контейнеріне қалай және қандай жағдайда тасталғанын анықтауда.
Дәрігерлердің мәліметінше, жаңа туған қыз баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
