Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық қордан бөлінген қаржыны қолды қылған коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Антикор мәліметінше, күдікті Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған.
Айыпталушы сотқа тартылды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.