$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталғанын растады

Редактор
12.11.2026, 12:13
коллаж: bairaqmedia.kz
коллаж: bairaqmedia.kz
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қазақстанда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Ерлан Өтіншиев ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада ведомствоның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі екі ұлттық компанияның басшысын және өзге де тұлғаларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстаған. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда олардың нақты қандай қылмысқа қатысы бар екені, іс бойынша қанша адамның ұсталғаны және қандай көлемдегі қаражат туралы сөз болып отырғаны әзірге жарияланған жоқ.

«Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» еліміздегі ірі мемлекеттік активтерді басқаратын қор болса, «Қазақстан темір жолы» – ұлттық теміржол тасымалдаушысы.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау