Аймақ

«Туыстарының үйінде болған»: Ақмола облысында әйел баласымен терезеден құлап, қаза тапты

14:25, 19 тамыз 2025 27

Ақмола облысы Степногорск қаласында әйел баласымен бірге көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
 
Бұл жағдай әйелдің туыстарының үйінде болған.
 
"Әйел мен оның қызының терезеден құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.
 
Басқа дерек тергеу мүддесінде жария 
етуге жатпайды, дейді полицейлер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз