$ 471.04
 538.54
 6.17

«Тұрсынбекті қыстырудың не қажеті бар?»: Сәкен Майғазиевтің тілегі талқыға түсті

Редактор
08.07.2026, 10:19
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
Көпшілік Тұрсынбек Қабатовтың мерекеге қатыспағанын алға тартып, оның есімін атаудың қажеті болмағанын жазды.

Әнші Сәкен Майғазиевтің тележүргізуші Мөлдір Мұқанның отбасылық мерекесінде айтқан тілегі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Еске салайық, жуырда Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей маңызды оқиғаны бір кеште атап өткен болатын. Салтанатты жиында сөз алған Сәкен Майғазиев:

«Тұрсынбек пен Мөлдірдің кішкентай құлыншақтары сенімдерін ақтай берсін», – деп ақжарма тілегін білдірген.

Алайда бұл сөз желі қолданушыларының түрлі пікірін тудырды. Көпшілік Тұрсынбек Қабатовтың мерекеге қатыспағанын алға тартып, оның есімін атаудың қажеті болмағанын жазды.

«Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ қой. Ондай адамды айтып қыстырудың не қажеті бар? Өзі сияқты жартыбас қатынымен кетті ғой», – деп пікір қалдырған желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман Сәкен Майғазиевке қарата:

«Сәкен мырза, бұл – Мөлдірдің шаңырағы. Тұрсынбекті екінші отбасына барған кезде құттықтайсыз. Әке болып келмей ме? Қазір заман басқа, келсе Мөлдір "кет" демейді ғой», – деп жазған.

Дегенмен пікір білдірушілердің енді бір бөлігі әншіні қолдап, оның тек балаларға ақ тілегін жеткізгенін, сондықтан бұл сөзден артық мән іздеудің қажеті жоқ екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау