Аймақ

Түркістандық теологтар жұрт адаспауы үшін жат ағымдардың сипатын айтты

11:31, 12 қыркүйек 2025 65

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппараты қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы А.Тағай қатысты. 

Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен youtube видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралғанын айтты. Сондай-ақ, облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады.Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті. 

Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауап берілді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз