Аймақ

Түркістанда тарихи оқиға - Орта Азияда теңдесі жоқ «Ескек есу» арнасы ашылды

11:20, 15 қыркүйек 2025 17

Түркі әлемінің жүрегі – Түркістанда еліміздің спорттық тарихында алтын әріптермен жазылатын оқиға орын алды. 2025 жылдың басты жаңалығы – халықаралық деңгейдегі «ЕСКЕК ЕСУ» СПОРТ АРНАСЫНЫҢ салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz 

Бұл – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей спорттық кешен ғана емес, Қазақстанның болашағына бағытталған ауқымды инвестиция.

Жаңа кешен халықаралық стандарттарға сай салынған. 20 000-ға жуық адам қатысқан ашылу – нағыз халықтық мерекеге айналды. 500-ге жуық спортшы байдарка, каноэ, академиялық есу, параканоэ, триатлон, ашық суда жүзу спорттарымен тұрақты түрде айналысады. Облыста – ел абыройын қорғайтын 1800 медаль иегері бар. 

Халықаралық әріптестік: Қазақстан мен әлемдік есу федерациялары арасында меморандум жасалды

                   

Салтанатты шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол  Мырзабосынов, Халықаралық байдарка мен каноэ федерациясының президенті Томас Кониецко, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қайық» федерациясының президенті Асланбек Мерғалиев қатысты.

                     


«Бұл кешен – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістанды халықаралық деңгейдегі мәдени, спорттық орталыққа айналдыру жолындағы нақты қадам. Бұл арна – болашақ Олимпиада чемпиондарын даярлайтын алтын ұя болмақ!»,- деді  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров

TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS – ТЕК СПОРТ ЕМЕС, НАҚТЫ ШОУ! 

Ашылу салтанаты халықаралық деңгейде өтті. Кешке келген қонақтар спортпен қатар, мәдени, гастрономиялық және шоу бағдарламаларға куә болды.

Сахнада Динара Сәтжан, Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин, Мұқасан Шахзадаев, Мархаба Сәби, Калифарния, «Таңба» этно тобы, «Самғау» би ансамблі, Түркістан музыкалық театры, DJ Macarello өнер көрсетті. 

                 

КӨҢІЛ-КӨТЕРУ АЙМАҒЫ:
Цирк өнерпаздары, аниматорлар, мың бұралған бишілер

 Креативті фотозоналар

 Балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдары

 Қолөнершілер жәрмеңкесі

Әуе шарлары шоуы

 Су үстіндегі спорт қойылымдары

 Флайборд пен лазерлі шоу

                   

 «TAIQAZAN» ГАСТРОФЕСТИВАЛІ:

Нағыз ұлттық дәм мен дәстүрдің көрмесі – «Taiqazan» гастрономиялық жәрмеңкесі халықты тәнті етті. Қазақтың ұлттық тағамдары, ерекше сусындар, шебер аспаздардың шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

СПОРТҚА ИНВЕСТИЦИЯ – ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН КАПИТАЛ

Түркістан облысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спорт инфрақұрылымын дамытуға үлкен ден қойды. 

                 

Биыл – 102 спорт нысаны пайдалануға берілді. 2026 жылы – тағы 10 спорт кешені ашылады. 

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 22 бейімделген спорт секциясы іске қосылды

Қысқы спорт – «Мұз сарайында» хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек үйірмелерінде 400 бала жаттығуда

Құрылыс кезеңінде – Атшабар кешені, ұлттық спорт түрлерін жандандыруға серпін бермек

ТҮРКІСТАН – РУХАНИ ҒАНА ЕМЕС, СПОРТТЫҚ АСТАНА!

Тарихи шаһар бүгінде тек рухани емес, ғылым, мәдениет, спорт пен туризмнің де орталығына айналды. «Ескек есу» кешені – осы дамудың жарқын дәлелі. Түркістанда ашылған бұл бірегей кешен – еліміздің спорттық беделін көтеріп қана қоймай, жаңа чемпиондардың, жаңа жұлдыздардың тәрбиеленетін ордасы болмақ.

 

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз