Аймақ

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалына жаңа директор тағайындалды

17:27, 15 қыркүйек 2025 23

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалына жаңа басшы келді. Бұл қызметке бұған дейін Қызылорда облыстық филиалды басқарған Муханов Мақсат Асхатұлы тағайындалды.

Муханов Мақсат Асхатұлы салада тәжірибесі мол, жол сапасын бақылау бағытында ауқымды жұмыстар атқарған білікті маман ретінде белгілі. Ол Қызылорда өңірінде филиалды басқарған кезеңде заманауи зертханалық бақылауды жетілдіруге және жол құрылысы сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлген.

Алматы қалалық филиалды ұзақ уақыт бойы абыроймен басқарған Мәулен Тоқтарбайұлы Әліпов енді Алматы облыстық филиалына жетекшілік етеді. Оның жетекшілігі кезінде Алматы қаласында маңызды жолдардың сапасы жіті тексеріліп, бірқатар ауқымды жобаларға сараптамалық қолдау көрсетілген.

Кадрлық ауыс-түйіс Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қызметін одан әрі жетілдіруге, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтуға және жол инфрақұрылымының сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталып отыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз