Түркістан қаласында деструктивті діни ағымдардың таралу жолы және оларға қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Түркістан қалалық «№18 Ж.Еділбаев» атындағы мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі Е.Қыдырбай, Дін мәселелерін зерттеу орталығы теолог маманы Қ.Мырзабай қатысты.
Теолог маман жалпы деструктивті діни ағым жайлы, олардың белгілері және елімізде интернетте және түрлі әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихаттарының кең тарайтыны мен олардан қалай сақтану жолдарын түсіндірді.
Кездесу соңында интернет кеңістігіндегі шығып жатқан түрлі уағыздардан абай болуды және оны таратпауды ескерте өтті. Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, теолог маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.