Түркістанда жат ағымдардың идеологиясына қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі секторының бас маманы Айдос Әуезхановтың қатысуымен «Муслим ата» мешітінде дәріс алып жүрген жастармен кездесу өтті. Шара аясында діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдардан сақтану жолдары бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің басты мақсаты – қала жастары арасында теріс діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық-түсіндіру арқылы азаматтарды жат діни ағымдар мен секталардың ықпалынан қорғау.
Кездесу барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойды. Маман тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.