Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында 14 қыркүйек, яғни Отбасы күніне орай Түркістан қаласы білім бөлімінің "Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде" 8-9-10 сыныпта оқитын этнос жастары арасында эссе жазудан байқау өтті, - деп хабарлайды
bairaqmedia.kz
"Отбасы – бақыт мекені" тақырыбында өткен байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Аталған байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының "Елтану" мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.
Байқаудың мақсаты – Қазақстандағы түрлі этнос жастарын отбасының ұлттық дәстүрлері мен құндылықтарын сақтауға және насихаттауға ынталандыру, әр ұлттың отбасы құндылықтары арқылы ортақ ұлттық бірлік пен отаншылдық сезімін қалыптастыру, жастардың отбасылық мәселелерге деген көзқарасын, ой-пікірін білдіру қабілетін дамыту.
Іс-шараға жалпы 15 оқушы қатысты. Байқау қорытындысында Шодиена Раймжанова 1-орынды иеленді. 2-орынға Бану Жорашова мен Муниса Мусаханова лайық деп танылса, 3-орынға Бибиайша Алимова, Шахзода Шаметова және Зарина Туреханова ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен белсене қатысушылар «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысы атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің филиалы бар аудан, қалаларда да жалғасуда.