Түркістан облысының Арыс қаласында көлігімен алты адамды қағып, үш адамның өліміне себеп болған әйелге қатысты сот процесі басталды, де хабарлады Вairaqmedia.kz.
Қайғылы оқиға биыл маусым айында Арыс қаласында болған. Жүргізуші әйел көлігімен тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, аулада отырған алты адамды қаққан.
Оқиға салдарынан 30 жастағы әйел мен екі бала көз жұмған. Тағы екі баланың аяғы сынып, ауыр жарақат алғаны айтылды.
Сот барысында айыпталушы әйел оқиға болған күні ішімдік ішкенін мойындаған. Сондай-ақ ол жәбірленуші тарап талап еткен 50 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығынды өтеуге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізген.
Ал жәбірленуші тарап айыпталушыны кешірмейтіндерін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр.