Желі қолданушылары полицияның көше бөлігін қоршауға алғаны көрсетілген видеоны талқылап жатыр. Онда атыс болғаны айтылады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram-дағы Shymkent.bugin парақшасында көшенің қоршауға алынғаны көрсететілген видео жарияланды.
Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция күдікті – Сайрам ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленіп, іс материалдарына қосылды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, екеуара туындаған жанжалға байланысты ер адам танысына оқ атты.
Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, тексеруден кейін үйіне жіберілді.
Қару қолдану арқылы дауды шешуге бағытталған кез келген әрекет, соның ішінде өлімге әкеп соқпайтынына да қатаң құқықтық баға беріледі", - делінген полиция мәлімдемесінде.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.