Қарағанды облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады.
"Өңірде кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. Нәтижесінде мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген хабарламада.
Үш күдікті қамауға алынып, 360 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды.
Аталған қылмыстық іс бойынша прокуратура органдары мемлекеттік айыптауды қолдады. Қарағанды облысының Шет аудандық сотының қарауының нәтижесінде үш сотталушы жер қойнауын заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.