$ 462.3
 538.07
 5.41

Төрт адам қаза тапты: Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Редактор
28.08.2026, 09:23
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Абай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Абай облысында екі жеңіл автокөліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан төрт адам қаза тапты. Қайғылы жол апаты Семей – Курчатов тасжолында болған, деп хабарлады Вairaqmedia.kz ktk-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia жүргізушісі «Газель» көлігін басып озбақ болып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Сол сәтте қарсы бағытта Kia Rio автокөлігі келе жатқан. Нәтижесінде екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысқан.

Соққының қатты болғаны сонша, екі автокөліктің де алдыңғы бөлігі қатты зақымданған. Апаттан кейін көліктердің бірі өртенген.

Екі автокөлікте де екі адамнан болған. Жүргізушілер мен жолаушыларды құтқару мүмкін болмады. Барлығы төрт адам оқиға орнында қаза тапқан.

Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Әмір Хабибуллаевтың мәліметінше, қайғылы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Көлік құралдарын басқарған адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді полиция өкілі.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау