Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның премьер-министріне көңіл айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Фото: Getty Images / Hindustan Times/Waseem Andrabi
Айта кетсек, кеше «Үндістанның кішкентай Швейцариясы» аталып кеткен Пахалгамда теракт болды. Хаки түсті киім киген белгісіз қарулы адамдар Байсаран аңғарында жүрген туристерге оқ жаудырған. Ресми ақпаратқа сәйкес, сейсенбіде болған терактіден 27 адам қаза тапты.