Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Түзетулердің бірінші блогында Қазақстан тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) енгізілді. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны ретінде жұмыс істейтін тізілімде отандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтер қамтылады. Тізілімге енгізілген тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді болады. Сондай-ақ олар мемлекет сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына қатыса алады.
Тізілімнің қолданысқа енуіне байланысты бұрын тауардың шығу тегін растау үшін пайдаланылған СТ-KZ және индустриялық сертификаттарын, сондай-ақ сараптама актісін беру кезінде тәртіпті бұзғаны үшін белгіленетін әкімшілік жауапкершілік заңнамадан алынып тасталды.
Түзетулердің екінші блогы елішілік құндылықтар институтын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Осы мақсатта Үкімет бекітетін қағидаларға сәйкес, ірі тапсырыс берушілерге ел ішіндегі құндылықтарды дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру міндеті жүктеледі.
Өнеркәсіпті дамыту үшін келісімшарттыңжаңа түрі – кепілдендірілген сатып алу келісімшарты енгізілді. Бұл шартқа сәйкес өңдеуші кәсіпорын өзінің өндіріс алаңында өндірілген тауарлардың кепілді көлемін ұзақ мерзімді негізде жеткізіп беруге міндеттенеді.
Түзетулердің үшінші блогы кодтар мен атауларды жүйелеу арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жіктеудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын енгізуді және жүргізуді көздейді.
ТЖКҚЖС-ны енгізудің негізгі оң әсерлері мынадай: барлық жіктеуіш біріздендіреледі; бүкіл саладағы тауарлар мен қызметтердің түрлері, сипаттамалары барынша нақтыланады; тауар айналымын қадағалауға мүмкіндік туады; бірыңғай номенклатура түзіледі; тауарлардың қадағалануын дұрыс жіктеуге және түпкілікті сәйкестендіруге; көлеңкелі экономиканы мейлінше азайтуға мүмкіндік пайда болады.
Экономика
Тоқаев тауарлардың шыққан елін айқындау мәселелері бойынша заңға қол қойды
19:54, 19 мамыр 2025 770
Фото: depositphotos.com
Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.
Тағы да оқыңыз
-
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында үш жылда 34 жаңа әлеуметтік нысан ашылды
19:13, 22 қаңтар 2026
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
16:51, 22 қаңтар 2026
-
Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды
15:31, 22 қаңтар 2026
-
«Қуантамын, күтіңіздер!»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі жазба жариялады
14:58, 22 қаңтар 2026
-
Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады
14:58, 22 қаңтар 2026
-
Ақтөбе облысында туризмді дамыту үшін шағын авиациялық пункттер салу жоспарлануда
14:46, 22 қаңтар 2026
Соңғы жаңалықтар
-
Жетісу облысының Кербұлақ ауданында үш жылда 34 жаңа әлеуметтік нысан ашылды
19:13, 22 қаңтар 2026 15
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
16:51, 22 қаңтар 2026 30
-
Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды
15:31, 22 қаңтар 2026 32
-
Үкімет Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын мақұлдады
14:58, 22 қаңтар 2026 39
-
«Қуантамын, күтіңіздер!»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі жазба жариялады
14:58, 22 қаңтар 2026 30
-
Ақтөбе облысында туризмді дамыту үшін шағын авиациялық пункттер салу жоспарлануда
14:46, 22 қаңтар 2026 34
-
«Бұл әзіл емес»: Әзілкеш Айбек Байназаровтың подкасттағы әңгімесі қоғам наразылығын тудырды
14:13, 22 қаңтар 2026 40