Ақорданың мәліметінше, тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.
Кездесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті өз кезегінде елдегі конституциялық реформаларға тоқталды.
«Қазақстанды жаңғырту үдерісі ұлттық мүддемізге сай жалғаса береді. Аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуге мүлдем болмайды. Біз мұны жақсы түсінеміз. Ең алдымен, халқымыздың келешегін ойлауымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президенттер бірлескен жобаларды жүзеге асыру және халықаралық әрі өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.