Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тар құрамдағы келіссөздер кезінде Мемлекет басшысы жылы қабылдауы үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, оны және бүкіл түрік халқын келе жатқан ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.
Өз кезегінде Түркия Президенті Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.
Ақорданың мәліметінше, тараптар мәңгілік достық пен кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастардың қарқынын жоғары бағалады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.