$ 458.48
 534.68
 5.43

Тоқаев Құрылтайға қатысты маңызды Жарлыққа қол қойды

Редактор
26.08.2026, 09:45
Ақорда
Ақорда
Құрылтай депутаттары 28 тамыз күні алғашқы сессияға жиналады

Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", -делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде бірінші шақырылымдағы Құрылтай депутаттарының сайлауы өткен болатын.