Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады. Кездесу барысында Президент оған бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл қызмет мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие.
Кездесу барысында Ерлан Қариннің алдағы жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.
Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Мемлекет басшысының атынан өкілдік ету тапсырылды.
Сонымен қатар Ерлан Қарин мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Президенттің ұстанымын жеткізетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін Құрылтай депутаттары Ерлан Қариннің кандидатурасын Вице-Президент лауазымына қолдаған болатын. Кейін Мемлекет басшысы оны осы қызметке тағайындады.