Тойға мас болып барып, қымбат ішімдік талап еткен Төреғали Төреәлі сынға қалды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Threads қолданушысы Сымбат Мақұлова есімді ару тойға Төреғали Төреәліні шақырып, бірақ әртістің әрекетінен көңілі қалғанын жазды. Айтуынша,. әкесінің тойына әнші мас күйде келген.
Әкемнің 55 жасына Төреғали Төреәліні шақырдық. Өйткені, әкемнің қатарластары Төреғалидың әндерін сүйіп тыңдайды. Керемет көңіл-күй сыйлайды деп ойладық. Бірақ, ол ішімдік ішіп келді. Негізі той халал болған. Тіпті, жарты күн ерте келіп, ұйымдастырушылардан вискиге 32 мың төлеуді талап етті. 8 рет вискиге тапсырыс берген. Талабын орындамасақ, сахнаға шықпайтынын айтты. Бір кезде фонограммамен ән айтып, кетіп қалды, – деп жазды той иесі.
Жазбаның астына көпшілік екі түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Төреғалиды қолдаса, енді бірі тойға әншіні шақырмауға кеңес берді.
Ал, Төреғали Төреәлінің өзі бұл айыптауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған жоқ.
Еске салайық, наурыздың басында Төреғали Төреәлінің ел бойынша жоспарланған концерттері өтпей қалған болатын.