$ 469.93
 541.64
 5.71

«Таза Қазақстан»: Алматыда көлік шығарындыларына бақылау күшейді

Редактор
03.07.2026, 10:03
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі
Мегаполисте жыл басынан бері 116 мыңнан астам тексеру жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы елдегі қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жаңа кезеңін бастап берді. Бастама тек аймақтарды тазалаумен шектелмей, ауа сапасын жақсарту мен өнеркәсіптік әрі көліктік экологиялық бақылауды жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл бағытта Алматы қаласында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаланың табиғи ерекшелігі мен көлік ағынының тығыздығын ескере отырып, атмосфераны ластайтын негізгі факторлармен күрес күшейтілді.

«Жыл басынан бері мегаполистегі 19 стационарлық экологиялық бекетте автокөліктердің пайдаланылған газдарына 116 мыңнан астам тексеру жүргізілді», деп атап өтті «Ренессанс плюс» ЖШС өкілдері хабарлады.

Тұрақты мониторинг нәтижесінде улы заттар мен түтін шығарындыларының белгіленген нормативтен асқан 13 076 жағдайы анықталды. Талдау көрсеткендей, заңбұзушылықтардың ең көп бөлігі Алатау және Наурызбай аудандарына тиесілі болып отыр.

«Бақылаудың басты мақсаты – техникалық байқау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, шамадан тыс газдануды азайту және мегаполис ауасын тазартудың тиімділігін арттыру», деп атап өтті компания өкілдері.

Атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған мұндай экологиялық шаралар — «Таза Қазақстан» идеясының практикалық көрінісі. Компания өкілдері таза ауа мен сау қоршаған орта — әрбір азаматтың жауапкершілігі мен ортақ мақсаты екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау