Аймақ

Талдықорғанда төбелес кезінде жас жігіт көз жұмды

11:48, 26 маусым 2025 16

Талдықорғанда төбелес кезінде жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласының «Шығыс» ықшамауданында №32 үйдің жанында жастар арасында төбелес болған. Жанжал кезінде олардың бірі пышақ жарақатын алған.

Ауыр жарақат салдарынан зардап шеккен жігіт жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Полиция мәліметінше, күдікті – 2003 жылы туған азамат – ұсталды. Қазір жанжалдың себептері мен оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз