Шымкентте газ құбырының зақымдануы салдарынан шамамен 1 500 жеке тұрғын үй, жеті көпқабатты үй, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік нысандар газсыз қалды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының мәліметінше, 24 тамыз күні сағат 23:33-те апаттық-диспетчерлік қызметке Қаратөбе тасжолы, 38/1 мекенжайында газ құбырының зақымданғаны туралы хабар түскен. Апаттық бригада оқиға орнына сағат 23:56-да жеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлденең бағытта бұрғылау әдісімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде қолданыстағы жерасты полиэтилен газ құбыры зақымданған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, «Брим» ЖШС жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде Шымкент өндірістік филиалының балансындағы газ құбырын зақымдаған. Салдарынан газ сыртқа шығып, өрт тұтанған. Ашық жалын жүк көлігі мен бұрғылау жабдығын шарпыды», – деп хабарлады компания өкілдері.