$ 457.99
 534.15
 5.47

«Сол үшін жоғалып кеттім»: танымал блогер орамалынан бас тартты

Редактор
25.08.2026, 11:20
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетуіне де осы жағдай себеп болған

Танымал блогер Аружан Әбілова орамалын шешкенін мәлімдеп, бұл шешіміне қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Блогер Instagram парақшасында оқырмандарына үндеу жасап, өзінің бұл әрекетін дұрыс деп санамайтынын ашық айтты.

«Өзімнің жасағаным дұрыс емес екенін білемін және дәл осы ісімнен менен үлгі алмаңыздар деймін. Басқа да үлгі алатын жақсы қасиеттерім көп деп ойлаймын», – деп жазды Аружан Әбілова.

Оның сөзінше, соңғы уақытта әлеуметтік желіден көрінбей кетуіне де осы жағдай себеп болған.

Сонымен қатар блогер осы кезеңде өзіне қолдау білдіріп, жылы лебізін жеткізген оқырмандарына алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау