$ 460.13
 532.6
 5.42

ШҚО-да кеншілердің өмірін сақтайтын арнайы капсула жасалып жатыр (ВИДЕО)

Редактор
19.08.2026, 11:12
ЖИ көмегімен жасалынған
ЖИ көмегімен жасалынған
Капсуланың ішінде оттегі қоры, медициналық препараттар және 36 сағатқа есептелген автономды тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері болады

Шығыс Қазақстан облысында кеншілер мен қауіпті металлургиялық өндірістерде жұмыс істейтін мамандарды құтқаруға арналған апаттық капсула әзірленіп жатыр. Мұндай технологиялар қазірдің өзінде Ресей мен Австралия секілді елдерде қолданылады, деп хабарлады  Вairaqmedia.kz. 

Бұл туралы "Жетінші арна" жазды. Қазақстандық инженерлердің есебінше, отандық капсула 20-дан астам адамды сыйдыра алады. Болат конструкциялар мен электрондық жүйелерден жасалатын капсула шахта опырылған немесе басқа да төтенше жағдай болған кезде адамдарды үйінділер мен сынықтардан қорғауға арналған.

Капсуланың ішінде оттегі қоры, медициналық препараттар және 36 сағатқа есептелген автономды тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері болады.

Қазіргі уақытта жобалаушылар тәжірибелік үлгілерін әзірлеп жатыр. Мамандар болашақта мұндай капсулаларды өндіріс орындарына кеңінен енгізуге дайын екенін айтады. Алайда жобаның сәтті жүзеге асуы тау-кен компанияларының қызығушылығына байланысты болмақ.

Айта кетейік, тек өткен жылдың өзінде еліміздің тау-кен өндіру секторында 2,5 мыңнан астам жазатайым оқиға тіркелген. Осыған байланысты жергілікті ғалымдар кеншілердің еңбек қауіпсіздігін арттыруға үлес қоспақ.

«Бір ауысымда шахтаға 600-ден астам адам түседі. Сондықтан ол жерде бір капсула жеткіліксіз. Мәселен, шахтаға 600 адам түссе, бір капсула небәрі 20 адамға арналған. Менің түсінігімде, апаттық құтқару капсуласы ғимараттардағы өрт сөндіргіш секілді болуы керек. Өрт сөндіргіштер ғимараттың әр жеріне қойылатыны сияқты, мұндай капсулалар да шахтаның бірнеше жерінде орналасуы қажет», - деді жоба әзірлеушісі Болат Сыптаев.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау