Аймақ

Шұғыл: Астана маңында ұшақ құлады

20:30, 17 тамыз 2025 35

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ақмола облысындағы оқыс оқиға бүгін сағат 17:40-та болған. UP-La229 жеңіл моторлы ұшағы Төңкеріс ауылының маңында құлаған. Қазір тергеу комиссиясы құрылды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төтенше жағдай салдарынан екі адамның - ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын растады.
Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр.

Көлік министрлігі хабарлағандай, ведомствоның апаттарды тергеу департаментінің қызметкерлері ұшақ құлаған жерге аттанды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз